СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КӨЗҚАРАСЫН БИ ФЛЕШМОБЫ АРҚЫЛЫ ЖЕТКІЗДІ
Қазақ гуманитарлық-заң және техникалық колледжінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен «Сенің таңдауың – сенің болашағың» атты түсіндірмелік кездесу өткізілді. Іс-шараға 50-ге жуық колледж студенттері және оқытушылық құрамы қатысты.
Студенттер алдында Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Абай Батырбаев әрбір қазақстандық, әрбір отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүкіл қоғамның, әрбір азаматтың ісі екендігін түсінуі қажет екендігін айтты.
Сондай-ақ, іс-шарада Қызылорда облысы әкімі аппаратының Құқық қорғау органдарымен жұмыс жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің бас маманы Ерқыран Жалғасбаев сөз сөйледі.
«Сыбайлас жемқорлық біздің болашағымызға жағымсыз әсерін тигізеді. Студент бір рет төлеп, керек білімді ала алмайды. Сол себепті еліміз қажетті мамансыз қалады.» - деп атап өтті аталған колледждегі Қазақстан студенттер альянсының лидері Қаракөз Әбілда.
Сыбайлас жемқорлық, қалай болғанда да, біздің барлығымызды қозғайды, онымен күресудің бірден-бір тәсілі – заңды тыңдайтын өмір салтын ұстанып, өз құқықтарын білу – нақ осыған колледж студенттері екпін қойды.
Іс-шара барысында Департаменттің бөлім басшысы Абай Батырбаев студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Басшы» атты ойын ойнауды ұсынды. Ойынның басты мақсаты сыбайлас жемқорлықты қабылдамау және оған қарсы көзқарасты қалыптастыру болып табылды.
Кездесу соңында студенттер өздерінің азаматтық ұстанымын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын «сыбайлас жемқорлыққа қарсы» би флешмобы арқылы жеткізді.