ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КҮРІШШІЛЕР ӨЗ ӨНІМДЕРІН ЭКСПОРТҚА БАҒЫТТАУҒА НИЕТТІ
Үстіміздегі жылдың 3-6 қыркүйегінде Краснодар өлкесінде Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің ауылшаруашылық өкілдерінің қатысуымен өткен басқосудан оралған облыстың бірқатар кәсіпкерлері бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында журналистермен кездесіп, ойларын ортаға салды.
Облыстық ауылшаруашылық басқарма басшысының орынбасары Өмірхан Пашкенов, «Абзал и К» ЖШС-нің директоры Абзал Ералиев, Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш ҒЗИ директоры Серикбай Өмірзақов және «Тан ЛТД» ЖШС-нің директоры Имамзада Шағынтаев қатысқан жиын барысында аймақтағы агросектор саласындағы жаңалықтар мен жетістіктер туралы айтылды. Облыс аумағында 20-дан аса ауылшаруашылық дақылдары егілсе, оның негізгі бөлігін күріш құрайды. Қазіргі таңдағы негізгі экспортталушы тауар да осы сыр маржаны. Соның арқасында ресейлік агрономдармен ынтымақтастық әріптестіктің дамып жатқанын алға тартты Ө.Пашкенов.
Қазір айиақта егіліп жатқан күріштің 76 пайызы ресей, қалған 24 пайызы Қазақ күріш ҒЗИ селекциялау тәсілімен алған отандық сорттан болып отыр. Ресейлік әріптестердің жылына күріштің 2-3 түрін селекциялық жолмен алып отырған тәжірибесі қызылордалық күрішшілерге керек және пайдалы болып отыр. Осы орайда екі елдің арасында тығыз қарым-қатынас орнату қолға алынып, оны әрі қарай дамыту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, облыстың озық күрішшілері осы айда Сочи қаласында өтетін ауылшаруашылығы өнімдерінің көрмесіне қатысуға ниетті.
Өз кезегінде А. Ералиев сапар барысында күріштің ресейлік «Партнер», «Титан» и «Крепыш» секілді жаңа сорттарымен танысқанын, оны алдағы уақытта облысымызда жерлендіруді көздейтінін айтты. Бұл отандық өнімнің сапасына оң әсер етіп, бәсекелестігін арттырмақ.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА