ҚАЗПОЧТА ПОШТАШЫЛАРЫНА ЖАҢА УНИФОРМА МЕН СМАРТФОНДАР ҰСЫНЫЛДЫ
«Қазпочта» АҚ Астана поштамтының пошташыларына жаңа кәсіби киім, сөмке және ұялы телефон ұсынғанын хабарлайды.
Форма сары және көк түсті суға төзімді материалдардан тігілген. Сондай-ақ жеңдері мен шынтақтарында шағылдырғыш элементтері бар, ал арқасында «KAZPOST» жазуы белгіленген.
Cмартфонда, пошташының қағаз жұмысын азайту үшін, «Ходовик» атты арнайы бағдарлама орнатылған. Бағдарламаға дейін, қызметкерлер газеттер мен журналдарды жеткізгенінен кейін, бөлімшеге қайта келіп, квитанцияларды толтыруы қажет еді.
«Бүгіннен бастап, почтальон «Ходовик» бағдарламасы арқылы «жеткізілді» деген белгіні қойып, ақпаратты автоматты түрде ортақ жүйеге жіберіп, осылай қағазды жұмысты азайтады. Пошташылардың пікіріне қарап, бағдарлама бүкіл Қазақстан бойынша пошташылардың жұмысын нығайту үшін жаңарып тұрады» - деп «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Байрам Азизов бөлісті.
Сондай-ақ, жылдың аяғына дейін, керекті мекенжайды іздеу үшін «Ходовик» бағдарламасына GPS-навигатор енгізу және ақпараты күнделікті жаңартылып тұратын, келесі күннің жұмыс бағыты белгілеу үшін сұрыптау орталығымен интеграция жоспарлануда.