ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТКЕ ТҮСІМ МӨЛШЕРІ ЖОҒАРЫ
Экспорттық және импорттық кеден рәсімдерін өту кезінде «Бір терезе» қағидатын енгізу мүдделі мемлекеттік органдардың тығыз ынтымақтастығы негізінде сауда амалдарын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл жөнінде бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен бес институцияналдық реформа «100 нақты қадам» тақырыбы аясында өткен брифинг барысында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы С.Мұстафаевтың баяндады.
Жиын барысында департамент басшысы кедендік және салықтық әкімшілендіруді жақсартуға бағытталған 8 қадамды жүзеге асыру бойынша толық мәлімет берді. Нақты айтқанда, салық және кеден саясатын және рәсімдерін оңтайландыру, Экспорттық және импорттық кеден рәсімдерін өту, кеден және салық жүйелерін интеграциялау, салық декларацияларын қабылдау және өңдеудің орталық желісін құру және тағы да басқа маңызды мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың 8 айында атқарылған жұмыс барысымен таныстырды.
Айта кетейік, облыста кірістер бойынша жоспарда 42 миллиард 374 миллион теңге болса, 58 миллиард 678 миллион теңге сомасында, яғни 112,6 пайызға қамтамасыз етіліпті.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА
Айта кетейік, облыста кірістер бойынша жоспарда 42 миллиард 374 миллион теңге болса, 58 миллиард 678 миллион теңге сомасында, яғни 112,6 пайызға қамтамасыз етіліпті.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА