«ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БИЫЛҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖОСПАРЫ ОРЫНДАЛАДЫ - Қ. ӨСКЕНБАЕВ
«Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында 2012 жылдан бері жиырма алты миллион шаршы метрден астам баспана салынды.
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.
«2012 жылы «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бастау алды. Оның аясында жалпы еліміз бойынша 26,6 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Осының ішінде мемлекеттік қаржы есебінен 2 млн. шаршы метрден астам, ал құрылыстың қалған көлемі жеке тұрғын үй құрылысы үлесінен немесе ірі құрылыс компаниялрымен орындалды. 2014 жылға 6,9 млн. шаршы метр баспаның құрылысын жоспарлаған едік, бірақ та 7,5 млн. шаршы метр тұрғын үйді салуға қауқарлы болдық. Биыл бағдарламаға сәйкес жоспар 7,1 млн. шаршы метрді құрап отыр. Ағымдағы жылғы сегіз айда 5,6 млн. шаршы метрін тапсырдық, яғни бұл - жоспардың 79 пайызы. Қалған 1,5 млн. шаршы метрін жыл соңына дейін пайдалануға беріп үлгереміз деген ойдамын»,-деді министрдің орынбасары.