МӘЖІЛІС «ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫН БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАДЫ
Кеше ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев «Өзін-өзі реттеу туралы» заң жобасын және оның ілеспелі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынды. Өзінің сөзінде Министр аталған заң жобасын қабылдау отандық тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, нарық қатысушыларының тұтынушылар алдында жауапкершілігін күшейтуге, сондай-ақ, мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға мемлекет шығындарын азайтуға мүмкіндік беретінін атап айтты. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз-қызметінен хабарлады.
«Өзін-өзі реттеу туралы» заң жобасы қазақстандық қоғамның құқықтық қатынастарына кәсіпкерлік және кәсіби қызметті реттеудің қағидатты жаңа институтын енгізеді.
Ерболат Досаев өз сөзінде өзін-өзі реттеуді жеке және заңды тұлғалар жүзеге асыратын, өзін-өзі реттеу ұйымында ерікті немесе міндетті мүшелікке негізделген кәсіпкерлік немесе кәсіби қызметті олардың дербес реттеуіне бағытталған шаралар кешені ретінде айқындау белгіленетінін, өзін-өзі реттеу – өзін-өзі реттеуші ұйымдар үшін өкілеттіліктер жиынтығы ғана емес, сондай-ақ тұтынушыға ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің сапа кепілдігі екендігін атап өтті.