БҰҰДБ «ЭКСПО-2017» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСАТЫНЫН РЕСМИ ҚУАТТАДЫ
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысатындығын ресми қуаттады.
ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, «ЭКСПО-2017» комиссары, ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаевтың АҚШ-қа жұмыс сапары жалғасуда.
8 қыркүйекте БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде «Оңтүстік-Оңтүстік» ынтымақтастық жөніндегі жоғары деңгейдегі комитет отырысында Р.Жошыбаев «ЭКСПО-2017» таныстырылымымен сөз сөйледі. Шара барысында 70-тен астам дамушы елдер өкілдері халықаралық көрмеге қатысуға мүдделілігін білдірді.
Отырысқа қатысу ауқымында Р.Жошыбаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - Даму Бағдарламасының Әкімшісі Хелен Кларкпен келіссөздер жүргізді. Әңгіме барысында тараптар 2016-2020 жылдарға арналған БҰҰДБ-ның Қазақстанмен әріптестік бағдарламасы, «KazAID», жобасы ауқымында дамуға ресми көмектесу, ынтымақтастықтың басымдықтары мәселелерін талқылады. Р.Жошыбаев сұхбаттасушысын «Болашақтың энергиясы» тақырыбында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне әзірліктің барысымен таныстырды.
БҰҰ ДБ Әкімшісі таңдалған тақырып бүкіл әлем қоғамдастығын толғандырып отырған мәселе екенін атап өтумен қатар, БҰҰ «Барлығы үшін орнықты энергетика» бастамасын жүзеге асырудағы Қазақстанның маңызды үлесі екенін айтты. Кездесу соңында Х.Кларк «ЭКСПО-2017» комиссарына БҰҰ ДМ-ның Астанадағы халықаралық көрмеге қатысатыны туралы жазбаша қуаттауын тапсырды.
Сөйтіп. Бүгін БҰҰ Даму Бағдарламасы Дүниежүзілік банк, ОЭСР, ЮНИДО, ЭСКАТО, ЮНЕСКО және МАГАТЭ сияқты «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысатынын қуаттаған жетінші халықаралық ұйым болды.
Сапар ауқымында «ЭКСПО-2017» комиссары сондай-ақ Нью-Йоркте энергетикалық салаға маманданған «С40 Cities Climate Leadership Group» және «GENYAS» компанияларының басшыларымен кездесті. Келіссөздер барысында Р.Жошыбаев Астананы «С40 Cities Climate Leadership Group» инновациялық қала-мүшесі ретінде қабылдауды ұсынды, өйткені көрме тақырыбы «С40» миссиясына толық сәйкес келеді, компания басшылығы бұл ұсынысты қолдады.