1-СЫНЫПҚА БАРАТЫН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында бүгін Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Әлібаев биыл 1-сыныпқа баратын мүмкіндігі шектеулі балаларды жаңа оқу жылымен құттықтады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев осы жылғы жолдауында Қазақстан мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз аймаққа айналуы тиіс екенін айтқан. Олай болса, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы ортаға қосудың маңызы зор. Олардың қажеттіліктеріне қарай білім беру ұйымдарында кедергісіз білім алу кеңістігін орнатуға күш салынып жатыр. «Биылғы оқу жылы инклюзивтік білім беру жүйесіне тағы бір білім ошағы – Қызылорда қаласындағы №264 мектеп қосылып отыр», - деді Нұржан Әлібаев.
Мемлекет Елбасы қамқорлығының арқасында балалар үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Оның дәлелі, елімізде алты жылдан бері «Мектепке жол» республикалық акциясы өтіп келеді. 1 тамыздан басталған шара аясында бүгінде 2 мыңнан астам балаға 12 млн. 215 мың теңгеден астам қаржының көмегі көрсетілді. Мектеп формасы мен құрал-жабдықтар жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Акцияға мемлекеттік мекемелер, депутаттар, облыстық басқармалар мен бизнес құрылымдары үлкен үлес қосуда.
Қабылдау соңында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған дамуында ерекшелігі бар балаларға оқу құралдары табысталды. Ата-аналар мен балалар өз кезегінде бұл үшін алғыстарын білдірді.
Назерке САНИЯЗОВА