ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ БОЙЫНША БІРІКТІРІЛГЕН КОМИССИЯ ҚҰРУ ЖОСПАРЛАНҒАН
Медициналық қызмет сапасы бойынша біріктірілген комиссияны құру жоспарланған, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің басшысы Назарбек Бейсен, деп жазады primeminister.kz.
«Комиссия азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелерін шешуге медициналық қоғамды жұмылдыру мақсатында құрылмақ», -деді Н.Бейсен.
Оның айтуынша, комиссияны құрудағы басты мақсат – емдеу хаттамасын, медициналық білім стандарттарын, дәрілермен қамсыздандыруды жетілдіру, медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын бақылау арқылы медициналық қызмет көрсетудегі үздік стандарттарды енгізу.
Бірінші кезеңде комиссия ҚР ДСӘДМ жанында ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен консультативтік-кеңес органы ретінде ұсыныстарды дайындау мақсатында жұмыс істейтін болады. Екінші кезеңде комиссия өз құзіреттілігі шеңберінде шешім қабылдауға, нормативтік актілер жасауға, оларды жүзеге асыруды монитронингілеп, бағалауға қабілетті жеке ұйым ретінде жұмыс жасайды.