Ұ.ҚАРАБАЛИН: ЖАНАРМАЙ ҚҰНЫ ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНА ДЕЙІН ТҰРАҚТАЛУЫ ТИІС
Еліміздегі жанармайдың сатылым бағасы Ресейге тікелей байланысты. Отандық зауыттар елді бензинмен толық қамтамасыз еткенге дейін көрші елдегі нарыққа тәуелді боламыз.
Бұл туралы брифингте Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді. Шенеуніктің айтуынша, қазір біздегі баға шамамен 125 теңге көлемінде. Нарық жағдайына қарай құбылатын жанармай құны желтоқсан айына дейін тұрақталуы керек. Сондай-ақ атқамінер әлемде мұнай бағасы төмендегенмен, отынның қымбаттау себебін де түсіндірді. Қазақстанға қажетті мұнай өнімдерінің үштен бір бөлігі Ресейден жеткізілетіндіктен, өнімді тасымалдау құны мен салынатын салық және жанармай құю бекеттеріндегі қызметкерлердің еңбекақысы да есептеледі. Қазір біздегі баға Ресеймен теңесті. Қырғызстанда орташа есеппен жанармайдың литрі 160 теңгеден саудаланып жатыр. Ал қыркүйек айында бензин тапшылығы туындамайды.
- Осы қыркүйектің басынан бастап 22 мың тонна бензин ішке кірген. Қазақстанның шекарасынан өткен 11 мың тоннадай жанармай бүгін жолда келе жатыр. Сонымен қатар бүгінгі таңда 80 мың тонналық шартқа қол қойылған. Қыркүйек айының ішінде мұның көлемі 110 мыңға дейін жетеді деп есептеп отырмыз. Нәтижесінде қыркүйек айында бізге керекті бензин толық алынады, - деді ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин.