ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТЕҢГЕ БАҒАМЫНЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІН БАЯНДАДЫ
ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша ҚР Ұлттық Банкі еркін өзгермелі айырбастау бағамы режіміне өтуге байланысты жеке тұлғалардың ұлттықвалютада ашылған депозиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу тетігінәзірлеп, тәртібін бекітті, деп жазады 24.kz ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәртіпке сәйкес, салымшыда 2015 жылғы 18 тамыз операциялық күннің соңындаекінші деңгейдегі банктерде немесе «Қазпочта» АҚ-та теңгемен ашылған депозитболған кезде оған бағамдық айырма төленетін болады. Бұл ретте 2015 жылғы 18тамыздағы жағдай бойынша банк шотындағы салым бойынша қалдық 1 миллион теңгеденаспауға тиіс.
Бағамдық айырманы төлеу жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері бойыншажүзеге асырылады. Бұдан басқа, ҚР Ұлттық Банкінің бастамасымен мемлекеттік жинақтаушы білімберу жүйелерінің шеңберінде ашылған депозиттер бойынша бағамдық айырманы төлеужүргізілетін болады. Бағамдық айырманы алу үшін салымшы депозитті арнайы шотта кемінде бір жылсақтау жөнінде өзіне міндеттеме алады. Салымшылар 2015 жылғы 1 қазанға дейін банкке депозитті қайта ресімдеу үшін өтініш жасауы қажет. Өтемақы тетігінің шеңберінде 2 млн-ға жуық салымшыға бағамдық айырманы төлеужоспарланып отыр.
Ақы төлеу шарттарымен Ұлттық Банктің сайтында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде танысуға болады. Түсініктемелер мен консультацияларды ҚР Ұлттық Банкінің Қоғамдық қабылдаубөлмесінен алуға болады.