АЙДЫН АЙЫМБЕТОВ ҒАРЫШТАН ОРАЛҒАННАН КЕЙІНГІ ЖОСПАРЫМЕН БӨЛІСТІ
Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Халықаралық ғарыш стансасының экипажымен тікелей байланыс орнату кезінде журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ғарышта алған әсерімен және Жерге оралғаннан кейінгі жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды BNews.kz.
«Аралық люктер ашылғаннан кейін біз экипажбен бірге стансаға өткенде шексіз кеңістікке тап қолғандай күй кештім. Түсінесіздер ме, ғарыш кемесі шағын ғана, ал станса алып, бізді бірден алты адам қарсы алды. Бұл шексіз кеңістік пен еркіндік сезімі», - деп алған алғашқы әсерімен бөлісті Айдын Айымбетов.
Сондай-ақ қазақстандық ғарышкер Жерге оралғаннан кейінгі жоспарын да ортаға салды. «Жерге оралған соң, ең алдымен, медициналық оңалту шарасынан өтемін. Екіншіден, біздің ғарыш агенттігіміз – «Қазғарыштағы» жұмысымды жалғастырмақ ниетім бар», - деп әңгімеледі жерлесіміз.
Атап өту керек, бүгін Ұшуларды бақылау орталығы Халықаралық ғарыш стансасымен тікелей байланыс орнатты.
Естеріңізге сала кетейік, Айдын Айымбетов ғарышқа 2 қыркүйекте СОЮЗ ТМА 18М зымыранымен аттанды. Айымбетов экология, физика және медицина саласында бірқатар ғылыми сынақ жүргізетін болады. Жерлесіміз отандық ғылым саласы үшін онға жуық сынақ өткізеді деп көзделген. Оның қатарында Арал және Каспий теңіздерінің жай-жапсарын бақылау, шаңды дауылдардың қозғалысын назарда ұстау және мұнаймен ластану деңгейін бағалау міндеті бар. Оған қоса радиацияның адам миына әсерін және ғарышкерлердің борттағы қарым-қатынасының психологиялық жағдайын сынға алмақ.