ҚҰРМЕТТІ ДЕМАЛЫСҚА ШЫҒАРЫП САЛДЫ
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмысы қызметі» ММ ұжымы көптеген жылдарын өртке қарсы қызметке жұмсаған жедел басқарма орталығының аға жүргізушісі өртке қарсы қызмет прапорщигі Жалымбетов Серікбек Ақбергенұлын салтанатты түрде құрметті демалысқа шығарып салды.
Жалымбетов Серікбек Ақбергенұлы 1968 жылы 8 қазанда Қызылордада туылған. Өзінің еңбек қызметін өртке қарсы қызметте 1995 жылы Қызылорда облысының ІІД №64 жауынгерлік өрт бөлімінің жүргізушісі болып бастады. 20 жылдық қызметте ол өзін тиянақты, сенімді және дау-жанжалсыз адам ретінде көрсетті. Жүргізушінің өзі өте ұқыпты. Қызметте жұмыс жасаған кездерінде тек қана жақсы жағынан көрінді, ол автомобильдің техникалық базасының жоғары деңгейін және апатсыз жүргізу тәжірибесін меңгерген.
Тәжірибелі қызметкерді құрметті демалысқа шығарып сала отырып, мекеме бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет полковнигі Імбетов Ғани бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, мықты денсаулық, амандық, азаматтық өмірде және жаңа талаптарында жетістік тіледі. Ардагерге әріптестері мен жолдастары атынан көптеген ыстық тілектер мен сөздер айтылды. Жалымбетов Серікке ұжымдастары иығына ұлттық қазақы шапан жапты және естелік сыйлықтарын ұсынды. Өз кезегінде ол өзінің ұжымдастарына алғыс білдіріп, бірнеше игі тілек арнады.
Біздің ардагерлер демалып үйренбеген және оған уақыт та жоқ. Серікбек Ақбергенұлының жанұясы үлкен, үйі бітпеген. Ардагер өзінің сүйікті жұмысын тастауға асықпайды. Әуежайдың ведомстволық өрт бөлімі тәжірибелі жүргізушіні жұмысқа шақырды, сондықтан да жоспарда демалыс жоқ.
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру
және авариялық құтқару жұмысы қызметі» ММ