А.АЙЫМБЕТОВ: ХҒС ЭКИПАЖЫНА ҚАЗАҚТЫҢ ІРІМШІГІ МЕН ҚҰРТЫ ҚАТТЫ ҰНАДЫ
Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Халықаралық ғарыш стансасы экипажының Жермен байланысқа шығу сеансында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Қазақстанның қандай ұлттық тағамдары ғарыш кемесі экипажының көңілінен шыққанын әңгімелеп берді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Менің арманым орындалды, ғарыш орбитасында, Жер орбитасында жүргеніме қуанышым шексіз. Салмақсыздық күйді сөзбен суреттеп жеткізу мүмкін емес, шексіз еркіндікпен пара-пар. Мен аса ұйымшыл ұжымда жұмыс істеп жатырмын, швейцариялық сағат тәрізді...», - деген пікірімен бөлісті А.Айымбетов.
Сондай-ақ жерлесіміз Астанада жас ғарышкерлер мектебі барын тілге тиек етті.
«Осы орайда мектеп оқушылары ғарышты зерттеуге аса құштар екенін атап өткім келеді. Ғарышкер болмаса да, ғарыш құпиясын ашуға ұмтылып жүр», - деді ол.
«Ал «Дастархан-6» (Қазақ тағамтану академиясы жасап шыққан сублимацияланған азық-түліктің дәмін тату сынағының атауы – агенттік ескертп.) туралы айтатын болсақ, біз оның дәмін татып үлгердік, жігіттердің көңілінен шықты. Әсіресе, «Жігіт» харчо сорпасы, сондай-ақ десерттер – печеньелер мен ірімшік-құрт тәрізді ұлттық тағамдарымыз қатты ұнады», - деп қосты А.Айымбетов.
Атап өту керек, бүгін Ұшуларды бақылау орталығы Халықаралық ғарыш стансасымен тікелей байланыс орнатты.
Естеріңізге сала кетейік, Айдын Айымбетов ғарышқа 2 қыркүйекте СОЮЗ ТМА 18М зымыранымен аттанды. Айымбетов экология, физика және медицина саласында бірқатар ғылыми сынақ жүргізетін болады. Жерлесіміз отандық ғылым саласы үшін онға жуық сынақ өткізеді деп көзделген. Оның қатарында Арал және Каспий теңіздерінің жай-жапсарын бақылау, шаңды дауылдардың қозғалысын назарда ұстау және мұнаймен ластану деңгейін бағалау міндеті бар. Оған қоса радиацияның адам миына әсерін және ғарышкерлердің борттағы қарым-қатынасының психологиялық жағдайын сынға алмақ.