МИНИСТРЛЕР ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРЕТІН БОЛАДЫ
Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халық алдында министрлік басшыларының есептік кездесулері тәжірибесін енгізуді тапсырды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Көпшілік ақпаратқа қолжетімділік заңнамалық түрде бекітіледі. Мемлекеттік органдар үнемі халық алдында есеп беретін болады. Бізде бұндай тәжірибе бар, яғни аудан және облыс әкімдері халық алдында есеп беріп келеді. Үкімет пен министрліктер де халық алдында есеп беруі тиіс»,-деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда Президент әкімдерге қарағанда есеп беру форматы өзгеше болуы мүмкін екенін атап өтті.
«Бүгінде коммуникацияның, телеарна мен радионың дамығанын ескере отырып, барша елді шарлау міндетті емес. Бұл тұрғыда адамдар кез келген ақпаратты қайдан нақты алуы керектігін білуі тиіс»,-деді Н. Назарбаев.