ДАҒДАРЫСТАН ШЫҒУ ҮШІН ІШКІ ӨНІМДІ ТҰТЫНУ КЕРЕК
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында Қорқыт ата атындағы ҚМУ аға оқытушысы, экономика ғылымдарының кандидаты Қазыбай Құдайбергенов пен саяси ғылымдарының кандидаты Сәулет Сахиевтің қатысуымен «қоғамның негізгі дамуы саяси тұрақтылықта» тақырыбында брифинг болып өтті.
Экономика ғылымдарының кандидаты Қазыбай Құдайбергеновтың мәлімдеуінше, дағдарыстан шығатын жол жаңа инновациялар болып табылады.
- Көптеген дамыған елдердің кез келгені дағдарысты басынан өткізуде. Ол үшін ең алдымен ауылшаруашылық, шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекет қаржылай көмек жасап келеді. Дағдарыстан шығу үшін ең алдымен ішкі өнімді тұтыну керек. Мәселен, 10 сиыр ұстаған жақсы ма, әлде 10 сиырдың өнімін беретін бір сиыр ұстаған дұрыс па? Сондықтан әрбір азамат үнемшілдік жасауды үйрену керек, - деді Қазыбай Құдайбергенов.
Ал саяси ғылымдардың кандидаты Сәулет Сахиевтің мәлімдеуінше, биыл Қазақстан әлемдік дағдарысты басынан өткізуде. Өткен ғасырдың 20-30 жылдары АҚШ үлкен дағдарысты басынан өткеріп, 40 миллион адам жұмыссыз қалғанда да еңсесін түсірмей, күйзелісті жеңе білді. Бірақ осы дағдарыстан кейін АҚШ ішкі және экономикалық мәселелерін шешіп, экономикасы дамыған демократиялық құндылықтары жоғары қоғам ретінде әлемдегі озық мемлекеттердің көшін бастады. «Ақшаны көп тапқан адам емес, көп үнемдеген адам бай» демекші, үнемшіл болуға үйрену керек.
Шынар БЕКБАН