БҮГІН ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ КҮНІ
Бұл күн 1943 жылы 8 қыркүйекте неміс басқыншыларының қолынан түрмеде азаптап өлтірілген чех журналисі, жазушы-антифашист Юлиус Фучикті еске алуға арналады, деп хабарлайды Bnews.kz.
Юлиус Фучик Прага түрмесінде жазылған «Дар тұзағындағы репортаж» атты кітабымен әлемге әйгілі. Оның өзі өлгеннен кейін кітабы әлемнің 70 тіліне аударылды, ал 1958 жылдан бастап Фучик өлген күн Халықаралық журналистердің ынтымақтастығы күні аталып кетті.
Бұл журналистердің бір-бірін қолдап, бір-біріне деген құрметі мен ынтымақтастығын сезініп, әсіресе, өз құқықтарын қорғайтын, ауызбіршілік танытатын күн.
Халықаралық журналистердің ынтымақтастығы күні әдетте, журналистикамен байланысты мәселелеріне, әсіресе, журналистердің құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты түрлі жиындар, конференциялар, семинарлар ұйымдастырылады.
Сондай-ақ журналистер бір-бірімен өзара тәжірибе алмасып, біліктіліктерін жетілдіреді. Тіпті, журналистика саласындағы түрлі сый-сияпаттар мен марапттар табыстау да осы күнге жоспарланады.