ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНА БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ БІР ЖЕРДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ
Елімізде «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясын құру көзделіп отыр, бұл Қазақстан азаматтарына барлық мемлекеттік қызметті бір жерден көрсетуге мүмкіндік береді. Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов баяндағандай, заң жобасының негізгі мақсаты «Үкімет азаматтар үшін » мемлекеттік корпорациясының жеке және заңды тұлғаларға «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер ұсынуына байланысты қатынастарды реттейтін нормаларды заң жүзінде бекіту болып табылады.
«Мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялайды. Қазақстан азаматтары мемлекеттік қызметтерді бір жерден алатын болады. Заң жобасы халықаралық тәжірибе, оның ішінде Канада тәжірибесі негізінде әзірленді. Canada Service бірыңғай провайдері мемлекеттік қызметтердің толық циклін көрсету қағидаты бойынша жұмыс істейді, яғни құжаттарды қабылдау, өңдеу және беруді ұйымның өзі жүзеге асырады», - деді вице-министр.
Вице-министр атап өткендей, бүгінде мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру халыққа қызмет көрсету орталығы мен «электрондық үкіметті» дамыту арқылы қамтамасыз етіледі. Оның сөзінше, халыққа қызмет көрсету орталықтары тек өтініштері қабылдау және беруді ғана жүзеге асырады. Ал әлеуметтік қорғау, жер қатынастары, жылжымайтын мүлікті рәсімдеу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсететін республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды біріктіру арқылы Мемлекеттік корпорация құру тек өтініштерді қабылдап қана қоймай, оларды өңдеуге мүмкіндік береді.
«Заң жобасы «Халыққа қызмет көрсету» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер ұсыну жөніндегі қызметін ұйымдастыруға қатысты функцияларды «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» кәсіпорындарынан халыққа қызмет көрсету орталығы базасында құрылатын Мемлекеттік корпорацияға беруді көздейді», - деді ол.
Яғни, бұрын «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы», «Жылжымайтын мүлік орталығы», «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорындары көрсеткен қызметтер енді Мемлекеттік корпорацияға өтеді. Мұнымен қатар, заң жобасы мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін жетілдіруді және оңтайландыруды көздейді.
Заң жобасы аясында «Жер туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», «Кеден ісі туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстерге, сондай-ақ 20-дан астам заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.