СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІС-ШАРАЛАР ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі салалық бағдарламаны іске асыру бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірқатар жұмыс атқарылды. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады.
Заңның қолданылу тиімділігін арттыру мен жетілдіру мақсатында департамент қызметкерлерімен жемқорлықпен күрес бағытында құқықтық оқытулар жүргізіліп отырады. 2015 жылы қызметкерлер үшін 8 оқыту мен жемқорлықтың алдын алу жөнінде арнайы жиналыс өткізіліп, алға міндеттер белгіленді.
Жиналыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында атқарылған және атқарылатын жұмыстар жөнінде, сонымен қатар алдағы уақытта департаментке келушілерді есепке алу, жаңадан мемлекеттік қызметке орналасушылардың декларацияларын заңда белгеленген мерзімде тапсырылуын қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алуларды белгіленген тәртіппен жүргізу, бюджет қаражатын мақсатты және уақытылы жұмсалуын қамтамасыз ету туралы мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Департамент қызметкерлерінің жылсайынғы табыстары туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы, әр қызметшімен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы талаптарының қатаң сақталуы жолға қойылған.
Департаментте «Е-лицензия» мемлекеттік деректер қоры» жүйесі іске қосылып, 2011 жылдың қараша айынан бастап лицензиялар мен олардың қосымшаларын алуға өтініштер Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылданып, лицензиялар мен олардың қосымшалары тек электронды түрде беріліп келеді.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының іске асырылуы департамент басшылығы тарапынан ұдайы қадағаланып, келіп түскен өтініштердің орындалу нәтижелері жөнінде апта сайын Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасына есеп беріліп тұрады. Нақтырақ айтсақ, жыл басынан бері түскен 29 өтініштің барлығының уақытылы орындалуы қамтамасыз етілді.
Арыз-шағымданушыларға онан әрі қолайлы жағдай жасау үшін департамент кеңсесінің кіре берісінде жалпыға бірдей қолжетерлік жерге «Азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдау» жәшігі орнатылған және жәшік арқылы келіп түскен арыз-шағымдар арнайы журналдарда тіркеліп, жауап беру мерзімінің сақталуы ұдайы бақылауда. Онан басқа, арыз-шағымдар және ұсыныстармен ой-пікірлер үшін Комитетте веб-порталы жұмысы ұйымдастырылған. Оған қоса, департаменттің 26-22-93 нөмірлі телефоны – сенім телефоны болып белгіленді.
Департамент басшысы және оның орынбасарларымен жеке қабылдау күндерінің уақытында тұрғындар мен заңды тұлғаларды қабылдау өз дәрежесінде атқарылып келеді. Ағымдағы жылы 8 адам жеке қабылдауда болып, көтерген мәселелері бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.
2014 жылы 5 қызметкер біліктіліктілігін арттыру бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қашықтықтан оқыту жүйесі арқылы курстық бағдарламасы бойынша оқытылса, 2015 жылы жоспарланған 2 қызметкердің 1-уі біліктілігін арттырды.
Сонымен қатар, Департамент қызметін ақпараттандыру бойынша Департамент қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрекеттерін күшейту мәселелері туралы» жиналыс; журналистер үшін Департаменттің 2014 жылы атқарған жұмысы және 2015 жылға негізгі міндеттері туралы және реттелетін коммуналдық қызметтердің тарифтерінің ағымдағы жағдайы туралы 2 брифинг; Департамент басшысының «Өзек жарды» бағдарламасы арқылы облыс тұрғындарымен тікелей эфир, «Үштаған», «Жаңа күн» атты ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларында сұхбат ұйымдастырылып, атқарылып жатқан жұмыстар мен сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы сұрақтарға жауабы берілді.
Тарифті қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тарифті бекітуге ұсынған өтінімдерін қарау кезінде 13 жария тыңдау, базалық табиғи монополиялар субъектілері бойынша 4 пресс-тур өткізілді.
Департаментте атқарылған барлық іс-шаралар БАҚ, теледидар және интернет-ресурс арқылы жарияланып тұрады. Атап айтсақ, 2015 жылы 71 мақала, теледидардан 46 көрсетілім мен 8 радиохабарлама, олардың ішінде 7-уі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта берілді.
Департамент бойынша сыбайлас жемқорлық тұрғысынан тәртіптік жазаға тартылғандар болған жоқ. Қорыта келе, департамент тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күрес әрдайым бақылауда ұсталып, іс-шаралар жалғастырыла береді.