ЕЛОРДАДА ӨНЕР КӨРСЕТПЕК
Қызылорда облыстық филармониясының өнерпаздары Елорда төрінде өнер көрсетеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 200-ге жуық өнерпаз баратын шара Қазақ хандығының 550 жылдығына арналмақ.
Шара барысында дәстүрлі орындаушылар жырдан шашу шашып, жезтаңдай әншілер жиналғандарды әсем сазбен елітпек. Мың бұралған бишілер де кештің ортасынан табылады. Облыстық филармонияның басшысы Талғат Мақашов өнер ұжымдарының дайындығы жоғары деңгейде екендігін айтты.
- Тарихи мереке қарсаңында облыстық филармонияның «Тұрмағанбет» халық аспаптар оркестрі бастаған үлкен өнер ұжымдары Астанаға аттанғалы отыр. Онда Сыр елінің елордалықтарға деген ыстық сәлемін өшпес өнерімізбен жеткізбекпіз. Сондықтан бұл жауапты шараға өнерпаздар мұқият дайындалып, жолға шығуға дайын. Негізгі шара 11-13 қыркүйек аралығында өтеді.
Айта кетейік, қызылордалықтар Астана аспанын әсем сазбен көмкеріп қана қоймай, ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесін де өткізеді. Аймақ шаруаларының ала жаздайғы еңбегінің нәтижесі «Алтын дән-2015» жәрмеңкесінде Астана жұртшылығына ұсынылады.