ЖЫЛУ ҚҰБЫРЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА
Қызылордада Желтоқсан мен Мұстафа Шоқай көшелеріне дейінгі аралықта жөндеу жұмыстары басталған. «Қоғам тв» арнасы сайтының хабарлауынша, ескі құбырлардың біразы дерлік істен шыққан. Егер қайта жаңартудан өткізілмесе қыста қаланы жылумен қамту қиынға соғады дейді сала мамандары. Сондықтан тозығы жеткен негізгі қорларды жаңғырту үшін аз мөлшердегі несие алып жұмысын бастаған.
«Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның несие алып «Нұрлы жол» бағдарламасымен жұмыс жасау себебі бұл мекеменің өз қаражаты жеткіліксіз. Жылу энергиясына тұрғындардың қарызы қордаланған. Сондай-ақ желілердің тозуы, құбырлардың авариялық жағдайлары, шектен тыс ысыраптың орын алуы және жылдар бойы құбырлардың жөндеу көрмеуінің салдарынан бүгінде жылу орталығы 55 пайызға жұмыс жасап тұр.
Айта кету керек, қабылданған инвестициялық міндеттемелерде 14,8 млрд теңгеге ұзындығы 81,7 км желілер жаңғыртылып, негізгі және қосымша техникалық жабдықтармен қазандықтар күрделі жөндеу көрмек.
Айта кету керек, қабылданған инвестициялық міндеттемелерде 14,8 млрд теңгеге ұзындығы 81,7 км желілер жаңғыртылып, негізгі және қосымша техникалық жабдықтармен қазандықтар күрделі жөндеу көрмек.