ЕЛІМІЗДІҢ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Мәжіліс депутаттары еліміздің индустрия және инновация саласын дамытуға арналған жаңа заң жобасын мақұлдады. Енді бұдан былай елімізде көлік құрастырушы компаниялардың шетелде жасалатын қосалқы бөлшектеріне құн салығы салынбайтын болды, деп жазады 24.kz.
Ал сырттан келетін импорттық көліктерге кәдеге жарату алымы салынбақ. Бұл бірінші кезекте отандық көлік өндірушілер үшін қолайлы болмақ. Сондай-ақ Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешевтің айтуынша, қазір жеке компанияларда жоғары технологиялар жетіспей жатқаны сезіле бастады. - Қазір өнеркәсіптерді дамыту үшін заманауи технологиялар қажет. Осы бағытта біз Renault Nissan, LG, Airbus, Shevron IBM, Microsoft сынды алып компаниялармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, - деді ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев.