БҮГІН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАУЫН-ШАШЫН БОЛМАЙДЫ
Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек еліміздің солтүстік-батысы және солтүстігінде ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақтан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдыңғы 15-20 м/с-ға дейін жетеді, Оңтүстік Қазақстан облысында шаңды дауыл көтеріледі. Солтүстік Қазақстан облысында, түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.