ШАБАҚТАРДЫ ҚҰТҚАРУ АЙЛЫҒЫ ЖҮРУДЕ
Аймағымызда шабақтарды қорғау айлығы басталды, деп хабарлады «Қоғам тв» арнасының сайты. Күріштік алқаптардағы ақаба сулардан су маржандарын сүзуге балық шаруашылығымен айналысатын шаруашылық иелері, табиғатты пайдаланушылар, күріштік алқаптың жұмысшылары тартылған. Қызылорда орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясы ұйымдастырған шарада күніге 5 мыңға жуық шабақ сүзіліп, көл айдындарына жіберілуде. «Мағжан және К» серіктестігінің күріштік алқабында піскен сыр салысын ору науқаны қызу жүруде.
Шаруашылық басшысы сонымен қатар суы азайған арналардағы шабақтарды құтқару жұмысына да ден қойып отыр. Жаз бойы күрішке жіберілген су мен борықты жайылым қылған балықтар уылдырықты да күріштік алқаптарға шашады екен. Оны құтқарудың шараларын мезгілінде ұйымдастырып, шабақтардың кедергісіз қайтадан кең арнаға түсуіне ықпал жасамасақ балық қоры азайып кетеді дейді мамандар. Шабақтарды құтқару мәселесіне орай облыс әкімінің қаулысы шыққан. Табиғат сақшылары соның негізінде тыным таппауда. Әрбір күріштігі бар шаруаға ескерту берілген. Өз алқаптарындағы қалдық суларда бірде бір шабақтың өлуіне жол бермеуі тиіс. Барлық күріштік иелерінде көл жоқ. Сондықтан сүзілген шабақтарды көлі бар табиғатты пайдаланушыларға өткізеді. Кейбір көл иелері арнайы техникалармен келіп шабақтарды тасымалдауға ат салысуда.
Айта кету керек, бүгінгі құтқарылғандардың арасында жайынмен дөңмаңдай сазан мен көксерке, ақбалықпен карптың шабақтары бар. Олар бір қыста 20-25 см ге дейін өсіп келер маусымда жеуге жарайды дейді ихтиологтар.