Н.НАЗАРБАЕВ БЕНЗИН БАҒАСЫНА МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІ АЛЫП ТАСТАУДЫҢ СЕБЕБІН АЙТТЫ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бензин бағасына мемлекеттік реттеуді алып тастаудың себебін айтты, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
«АИ-92 және АИ-95 маркалы бензин бағасын мемлекеттік реттеуді алып тастауды дұрыс қабылдауымыз керек. Бұл бензинді біз Ресейден сатып аламыз. Біз мұндай қадамға бармағанда, бір айдан соң мүлдем бензин болмас еді. Оларда қандай болса, бізде де сондай. Бұл - экономика заңы, оған еш шара қолдана алмайсың. Сондықтан теңестіру қажет. Біз ашық кеңестіктеміз, арамызда кедендік шекара жоқ. Сол себепті бұған шара қолдануға тура келіп отыр. Оған түсіністікпен қарау керек», - деп атап өтті Мемлекет басшысы Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерін басын қосқан кеңесте.