ҚР-ДА АМҚС ИЕЛЕРІНЕ БЕНЗИН БАҒАСЫН БЕЛГІЛЕУ ҚҰРЫЛЫМЫН ҰСЫНУ МІНДЕТТЕЛДІ
Ірі АМҚС желілерінің иелеріне АИ-92/93 маркалы бензинге баға белгілеу құрылымы және АИ-95 маркалы бензинге бағаның өсу себептері туралы нұсқамалар жіберілді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінде.
«ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне АИ-95 маркалы бензинге бағаның өсу себептерінің анықтауды тапсырды», - делінген хабарламада.
Нәтижесінде, ведомствода хабарлағандай,«Қазмұнайөнімдері» АҚ АИ-92/93 маркалы бензиннің бағасын 1 литрін 125 теңге, АИ-95 маркалы бензинге 1 литрін 136 теңге деңгейіне дейін төмендету туралы шешім қабылдады.
Қалған ірі компаниялармен жұмыс жалғасуда. ҚР ҰЭМ ТМРЖБҚК-нің аумақтық бөлімшелеріне де үстем жағдайды теріс пайдалануды, бағалық сөз байласу мен жосықсыз бəсекелестікке жол бермеуді бақылау бөлігінде монополияға қарсы реттеу шараларын күшейту тапсырылды.
АМҚС иелеріне монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.