ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАРЛЫҚ АЙМАҒЫНДА ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАДЫ
Қазақстан аймақтарында бензин қымбаттады деген ақпарат тарағаннан кейін жанар-жағармай материалдарының бағасы да өсіп кетті.
Павлодарда шенеуніктердің уәдесіне қарамастан, бензиннің бағасы шарықтап кеткен. "Біз бензин сатушылармен сөйлестік. Ешқандай құпия келісім болмауы керек. Бағаларды еркіндікке жібердік. Бірақ бұл бензин бағасы бірден шарықтап кетуі керек деген сөз емес. Бекеттер қыркүйек айына арнап 90 теңгеден бензин сатып алып қойған. Ол бензин бітпей жатып бірден 50 теңге қосып бағаны 140-қа дейін көтеру дұрыс емес. Біз бәрін бақылап отырамыз", - деді Павлодар облысының Кәсіпкерлікті бақылау басқармасының Кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің жетекшісі Гүлмира Жансейітова.
Pegas жанармай құю бекетінде бір кеште баға екі рет өзгерді. © Тengrinews.kz
4 қыркүйек күні кешке қарай жанармай құю бекеттерінде көліктер үйіліп қалды. "Монолит" ЖҚБ-сында АИ-92 бензинінің литрі 108 теңдеген сатылып жатты. BIP-тегі баға да сондай болды. Helios бензинді 105 теңгеден сатып жатты. Ал Pegas бекетіндегі баға бір кеште екі рет өзгерді. АИ-92 алдымен 130 теңгеге көтерілді. Кейін баға бұрынғы қалпына келді. Бірақ тағы бір сағат өткеннен кейін баға қайта 130 теңге болды. Бүгін таңертең Вip пен Helios-те АИ-92 129 теңге, "Қазмұнайгазда" 130 теңге болды.
Көкшетауда АИ-92 бағасы үкіметтің бензин бағасын еркіне жібергеннен кейін екі сағаттан соң көтерілді. Жүргізушілер бактарын толтырып құйып алуға тырысып жатты. Жанармай құю бекеттері бензинді қолма-қол ақшаға сатпайтындарын, тек талон арқылы ғана сататындарын айтты. 5 қыркүйек күні сағат 11.00-де Көкшетаудағы жанармай құю бекеттері бензиннің литрін 130 теңгеден сата бастады.
Оралда 4 қыркүйекте тілшілерге арналған брифинг өтті. Ол жерде бензин бағасы тек 5 қыркүйектен бастап қана көтерілетіні айтылды.
Бұған қарамастан жанармай құю бекеттерінің көбі бензин бағасын 4 қыркүйекте, түстен кейін көтеріп үлгерді. © Tengrinews.kz
АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин көп жерде 130-131 теңгеден сатыла бастады, ал АИ-95 150 теңге болды. Тек "Беркут" және "Пит-стоп" жанармай құю бекеттері ғана 4 қыркүйекте бензинді бұрынғы бағамен сатты. 5 қыркүйекте, дегенмен, жанармай бағасы өсті.
Қызылордадағы Tengrinews.kz тілшісінің мәліметінше, АИ-92 бағасы 20 теңгеге өсті. Жүргізушілердің айтуынша, 4 қыркүйекте сағат 18.00-де жанармай бұрынғы бағамен сатылды. Тек сағат 21.00-ден кейін ғана қымбаттай бастады. Бүгін жанармай құю бекеттерінде ешқандай кезек жоқ.
Ал Таразда 4 қыркүйек күні кешке АИ-96 маркалы бензин 148 теңгеден сатылды, АИ-92маркалы бензині 127 теңге болды. Жанармай құю бекеттерінде кезек болған жоқ.
Тараздағы жанармай құю бекеті. © Tengrinews.kz
Семейдегі жанармай сататын орындарда 4 қыркүйекте ұзын кезек болды.
Қостанайдағы жанармай құю бекеттерінің бірінде АИ-92 және АИ-95 маркалы бензинге сағат 19.00-ден бастап түнге дейін кезек болды. АИ-92 бензинінің бағасы 130 теңге, ал АИ-95 бензинінің литрі 150 теңгеге дейін жетті.
Қарағандыда АИ-92 маркалы бензин 130 теңгеден сатылып жатыр.
Жанармай құю бекеттерінің алдында кезек жоқ