АЙДЫН АЙЫМБЕТОВ - ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ МАҚТАНЫШЫ
Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов халықаралық ғарыш стансасында өз жұмысын жалғастыруда. Ал тараздық жолдастары оны мақтан тұтуда. Ғарышкердің жан досы Иса Джалаев өз арманына ол қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткізгенін айтады.
- Кезінде елімізде ғарышкерлер қатарына үміткерлер іріктеліп жатқан кезде Айдынға жауапты таңдау жасау керек болды. Ол өз таңдауын жасады. 2001 жылы ғарышкерлер қатарына ауысты. Медициналық комиссиядан өтіп, арнайы емтихан тапсырды. Өзінің біліктілігінің арқасында бүгінгі дәрежеге қол жеткізіп отыр, - деді 14157-әскери бөлімінің командирі Айдын Айымбетовтың досы Иса Джалаев.
Биыл олардың достығына 24 жыл толыпты. Айымбетов пен Джалаев 1991 жылы Армавирдегі жоғарғы әскери авиациялық училищесінде танысып, сонда бірге оқыған. 1993 жылы оқуды тәмамдағаннан кейін Қазақстанға келіп, әскери қызметті бірге бастапты. «Айдынның алғырлығы мен табандылығы сол кезде-ақ байқалып тұратын. Ол кешегі жасаған қадамы арқылы мақсат пен арманға тек тынымсыз еңбек арқылы қол жеткізуге болатындығын дәлелдеді», - дейді досы.