Ю.ПЯ: ЖҮРЕК АУЫСТЫРУ ОПЕРАЦИЯСЫ НАУҚАСТАРҒА ТЕГІН ЖАСАЛАДЫ
Астанада "Ұлттық ғылыми кардиология орталығы" АҚ негізінде жасанды жүректі орнату бойынша бірегей ота жасау әдісін енгізуге арналған шеберлік сыныбы өтеді. Бұл жөнінде бүгін өткен шеберлік сабағында "ҰҒКО" АҚ Басқарма төрағасы Юрий Пя мәлімдеді, деп жазады today.kz.
"Қиын экономикалық жағдайларға қарамастан, Қазақстандағы кардиохирургиялық қызмет біршама жақсы қарқынмен дамып келе жатыр. Соның дәлелі ретінде айта кетейін, бүгінде біз көрші елдердегі әріптестеріміз келіп, білім алатын орталыққа айналдық. Бүгін біздің орталық өткізіп жатқан шеберлік-сыныбының екінші күні. Біз заманауи жасанды жүректі орнатуды клиникалық тәжірибеге енгізу бойынша халықаралық жобаны жүзеге асыра алдық, ол бұған дейін бірқатар тесттерден, зертханалық зерттеуден өткен болатын. Шеберлік сабағына әлемнің 30 жетекші кардиохирургия маманы қазақстандық дәрігерлерден тәжірибе жинайтын болады. Шетелдік мамандар алдымен жануарлардың жүрегіне ота жасау арқылы машықтанады. Жасанды жүректі трансплатациялау әдісі 2014 жылдың маусым айында енгізілді, бір жыл ішінде қазақстандық мамандар 32 ота жасады, оның ішінде 8-і зерттеу мақсатында болатын», деді бас дәрігер.
Қазақстан әлем бойынша осындай отаны қолға алған алғашқы мемлекет. Жүрек транцплантациясы - қайтыс болған адамның органын мұқтаж жанға ауыстыру. Қазақстанда осы уақытқа дейін аталмыш әдісті қолдану арқылы 150 адамға ота жасалған.
"Қазіргі таңда Қазақстандағы нормативтік құқықтық база трансплантология саласында үлкен жетістіктерге жеткен елдердің нормативтік құқықтық базасына сәйкес келеді. Соның ішінде жүрек трансплантациясы көш ілгері дамып келе жатыр деп айта аламыз. Елімізде 2011 жылдан бастап жасанды жүрек ауыстыру бойынша 150 адамға ота жасалды. 250-300 мың долларды құрайтын осынау операция еліміздің барлық науқастарына тегін жасалатын болады. Ал, өзге мемлекеттен келген науқастарға операция ақылы. Біздің кардиохирургия ұжымы мұндай қиын оталарды жасауға 100 пайыз дайын. Тек донордың жоқтығы ғана қолымызды ұстап отыр. Кардиохирургия деңгейі артқан сайын шетелден келген науқастар саны да арту үстінде. Ал, біз қолымыздан келгенше барлық науқастарға көмегімізді аямауға уәде береміз", деді ол өз сөзінде.
Айта кетейік, ота жасау әдісін енгізуге арналған шеберлік сыныбына Германиядан, Италиядан, Швейцариядан, Голландиядан және Хорватиядан 30 кардиохирургия маманы тәжірибе жинауда.