ҚЫЗЫЛОРДАДА КҮЗДЕ 510 ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жексенбі күні Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев «Қолжетімді баспана» бағдарламасымен «Шұғыла» және «Арай-2» мөлтек аудандарында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.
«Шұғылада» 50 пәтерлі бір, 60 пәтерлі үш үй салынып жатыр. Яғни, «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ тарапынан жалпы ауданы 13400 шаршы метр болатын 230 пәтерлі үй құрылысы жүріп жатыр. Мердігер компания «Жабдықтау» ЖШС-гі құрылыс жұмыстарын қараша айында аяқтамақ.
Тағы 280 пәтерлі 5 үй «Арай-2» мөлтек ауданында орналасқан. Қазір құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл үйлер қазан айында пайдалануға беріледі.
Аймақ басшысы құрылысшыларға сапаға аса мән беріп, уақытында нысанды тапсыру қажеттігін ескертті.
Жалпы алғанда, «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында 2080 пәтерлі 41 үй пайдалануға берілетін болады.