ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕГЕ 4 АУДАННАН 2 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМІ ӘКЕЛІНДІ
Қызылорда қаласында өткен ауылшаруашылық жәрмеңкесіне Қазалы, Қармақшы, Жалағаш және Арал ауданынан 2 мың тоннаға жуық өнім әкелінді.
Облыс әкімі Қ.Көшербаев барлық жәрмеңкені аралап, өнім түрлерімен танысты.
Қала орталығындағы тұрғындарға қармақшылықтар өнімдерін ұсынды. Ауданның 12 ауылдық округінен күріш, шұбат, бақша дақылдары, ет және жеміс-жидек әкелінген. Айта кетейік, қармақшылықтар өнімдерін нарық бағасынан 20-25 пайызға арзан саудалады.
«РЗА» АҚ-ның сүт өнімдері мен Қазалының кәмпиті ескі базар маңында сатылды. Қазалылық сатушылар тауарларының лезде өтіп жатқанын айтты.
Барлық ауылшаруашылық дақылдарын қамтуға тырысқан жалағаштықтар 1084 тонна өнім әкелді. Бұл аудан Ақмешіт мөлтек ауданның тұрғындарына қызмет көрсетті.
Ал аралдықтар 100 тоннадан астам аз тұзын, су маржандарының түр-түрін жәрмеңкеге орналастырды. Оған қоса, бақша дақылдары, картоп, жуа секілді тұрғындардың сұранысы жоғары өнімдерді әкелген. Сондай-ақ, бұл аудан қаладағы әлеуметтік тұрмысы төмен 15 отбасына азық-түлікпен көмек көрсетті.
Сонымен екі аптада облыстың 7 ауданы Қызылорда қаласында ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізді. Енді келер аптада Қызылорда облысы Астана қаласында жәрмеңке өткізеді.