ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МҰНАЙШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мұнай және газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелер3мен құттықтап, үздіктерді марапаттады.
Еліміздің экономикалық әлеуетінің артуында республикамыздың батыс өңірі мен Қызылорда облысындағы мұнай компанияларының, ондағы еңбек етіп жатқан мұнайшылардың үлесі зор. Төл мерекеде аймақ басшысы мұнайшыларға толағай табыс тіледі.
- Сыр өңірі экономикасының негізгі тірегі мұнай-газ саласы. Аймақта 23 мұнай компаниясы бар. Олардың барлығы халықтың әлеуметтік жағдайында ұмыт қалдырған емес. Бір айта кетерлігі, Сыр мұнайшылары әлеуметтік қолдау көрсетуден республикада алдыңғы қатарда. Еңбектеріңіз жемісті бола берсін, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Салтанатты шарада сала үздіктері ҚР Энергетика министрлігінің төсбелігелермен және облыстың «Құрмет» грамотасымен, облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.