АЙДЫН АЙЫМБЕТОВ МІНГЕН «СОЮЗ ТМА-18М» КЕМЕСІ ХҒС-МЕН СӘТТІ ТҮЙІСТІ
Астана уақытымен сағат 13:39-да «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі ХҒС-пен түйісуі сәтті орындалды, деп хабарлайды РФ ғарыш агенттігінің баспасөз қызметі, деп жазады 24.kz.
Жақындау процесі автономды режимде арнайы мамандардың бақылауымен іске асты. Станция мен ғарыш кемесі арасындағы өтпелі есіктер ашылғаннан кейін ХҒС 9 адамнан құралған экипажбен жұмысын бастамақ. Айта кетейік, экипаж құрамына Ресей ғарышкері Геннадий Падалки, Росғарыш борт инженерлері мен ғарышкерлері Михаил Корниенко, Олег Кононенко, Сергей Волков, қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов, НАСА астронавтары Скотт Келли мен Челл Линдгрен, сондай-ақ астронавт Джакс Кимия Юи мен Еуропалық ғарыш агенттінің ғарышкері Андреас Могенсен еніп отыр.