АЙДЫН АЙЫМБЕТОВ ҒАРЫШҚА 10 ҚОРАП ҚҰРТ АЛЫП КЕТТІ
Айдын Айымбетов қазақтың ұлттық тағамы құрттың 10 қорабын ғарышқа алып кетті. Өз өнімдерін ұсынған бірнеше кәсіпорынның ішінен «Астана-Өнімнің» тауары талаптарға сай келген. Мекеме өкілінің айтуынша, арнайы комиссия ірімшік пен құрттың арасынан таңдау жасапты. Бір апта ішінде зертханалық тексеріс жүргізілген. Ұлттық тағамның ғарышкерлерге пайдалы екенін түсінген мамандар ғарышқа 1,5 келі құртты алып кетуге рұқсат берген.
Айта кетейік, әуе кемесіндегі әрбір бос орын бағалы. Сондықтан ғарышкерлердің тағамы өте жеңіл әрі жақсы сақталуы тиіс.
- Ғарышкерлерге құрттың пайдасы өте зор. Қарындары ашқанда азық болып, шөлдегенде шөлін басып, қуат береді. Құндылығы мол тағам. Ғарышкерлерге, бауырымыз Айдынға ұлттық тағамымыз күш-қуат беріп, елімізге аман-есен оралуын тілейміз, - деді «Астана-Өнім» АҚ технолог-меңгерушісі Зинагүл Қожантаева.