АЙЫМБЕТОВТЕР ОТБАСЫ: ҮЛКЕНГЕ ІЗЕТ, КІШІГЕ ҚАМҚОР ЖӘНЕ АДАЛ ЕҢБЕК
Айымбетовтер отбасы – Арал ауданындағы танымал үлгілі отбасылардың бірі. Отбасының тарихы теңізбен тығыз байланысты. Әділбек Айымбетовтің атасының да, әкесінің де ата кәсібі – балықшылық, деп хабарлайды Bnews.kz.
Отбасының ұраны – «Үлкенге ізет, кішіге қамқор және адал еңбек».
Әкесі – Әділбек Ізбасарұлы (69 жаста)
Анасы – Бағдагүл Сариева (66 жаста)
2005 жылы Мемлекет басшысы балық питомнигіне келген кезде онымен кездесуін балық шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері өмір бойы естен шығармақ емес. Ол кезде Президент бекіре өсіру жөніндегі эксперименттік жобаны іске қосқан еді. Мемлекет басшысы кәсіпорын қызметіне жоғары баға берді.
Арал тұрғындарының дәстүрлі кәсібі қашан да балықшылық болған. Сондықтан да балық шаруашылығын дамыту оның өмірінің мәніне айналды. Ол үлкен «Аралбалықөнеркәсібі» өндірістік бірлестігін, кейіннен зейнеткерлікке шыққанға дейін балық питомнигін басқарған. Бүгінде оның ісін кенже ұлы Нұрбек жалғастырып отыр.
Айымбетовтер отбасында 4 бала, 10 немере бар. Отанасы балық зауытында менеджер болып жұмыс істейді. Үлкен ұлдары өз отбасымен Қызылорда қаласында тұрады, салық саласында қызмет атқарады, қыздары тұрмыста, Астана мен Алматы қалаларында тұрады. Үлкен немерелерінің бірі Швейцарияда білім алады. (Балалар мен немерелер – 2 жастан 43 жасқа дейін).
Айымбетовтер отбасына KazTube видео порталында 8-803-080 нөміріне стационар телефон арқылы отбасының нөмірін (10) көрсете отырып, дыбыстық хабарлама; Kcell, Beeline, Алтел, Теле2 операторларынан 6284 қысқа нөміріне «10» мәтіні жазылған СМС жолдап дауыс беруге болады.