ҚЫЗЫЛОРДАДА МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының бастамасымен аймақта мұнай-газ саласындағы жергілікті қамту мәселесіне қатысты мәжіліс өткізілді.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев төрағалық еткен мәжіліске аймақтың мұнай-газ саласында қызмет көрсететін кәсіпкерлері мен «Жергілікті қамтуды дамыту» Қауымдастығының мүшелері, тиісті сала басшылары қатысты.
Айта кету керек, Сыр өңірінде мұнай кен орындарына қызмет ететін 37 мың адамды жұмыспен қамтып отырған 50 мұнай-сервистік компания бар.
Жыл басында өңірде мұнай-газ саласындағы тауарларды, жұмыстар және қызметтерді сатып алулар барысында жергілікті қамтудың үлесін арттыру мақсатында Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының бастамасымен осы саладағы қызмет көрсетуші компаниялардың басын біріктіретін «Жергілікті қамтуды дамыту» Қауымдастығы құрылды. Бүгінде Қауымдастықтың 40-тан астам мүшесі бар.
Кездесуде Қауымдастықтың таныстырылымы өтіп, Қауымдастық төрағасы Иса Әлтаев пен мұнай-сервистік компания өкілдері әлемдік нарықта мұнай бағасының төмендеуіне байланысты жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан сатып алулар көлемінің азайып кеткендігін, тапсырыс берушілердің қызмет көрсетуші компаниялар алдындағы міндеттемелерін толық орындамайтындығын, сатып алулардың жалпыға ашық еместігін айтып, аталмыш мәселелерді шешу үшін сатып алуларда жазылатын техникалық сипаттамалардың сараптамалық комиссиясына мұнай-сервистік компания өкілдерінен өкіл енгізуді, жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарт бойынша міндеттемелерінің орындалу барысына мониторинг жүргізуді ұсынды.
Басқосуда аймақ басшысы қыркүйек айының соңына дейін орталық атқарушы орган, ұлттық компаниялар мен мұнай-газ өндіруші компания өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өткізілетіндігін, аталмыш мәжілісте Қызылорда облысы бойынша мұнай-газ жобаларында қазақстандық және жергілікті қамтудың көлемін арттыру мәселесі талқыланатындығын айта келіп, сала басшыларына ол кезге дейін Қауымдастықпен бірге мұнай-сервистік саладағы мәселелерді шешуге арналған кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі