ЕЛІМІЗДЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰНЫ 20%-ҒА ДЕЙІН АРЗАНДАЙДЫ
Тұрғын үй нарығындағы жағдай қандай болмақ? Бұл сұраққа бүгін сарапшылар жауап іздеп, ойларын ортаға салды. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы қоры, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мен құрылысшылар қауымдастығы көпшілік көкейінде жүрген мәселені талқылады. Белді сарапшылар жиналған бүгінгі басқосу ә дегеннен баспана нарығындағы сұраныстың сирегенін талқылаудан басталды. Кішігірім құрылыс компаниялары бәсекеге төтеп бере алмағанымен, нарықта мығым қазығын қаққандар құрылыс қарқынын бәсендетпеген.
- Нарықта қазір негізінен 60-тай құрылыс компаниясы қалды. Ал теңгенің еркін ауытқу бағамын пайдаланып, жаңа курспен баспана сатпақ болғандар клиенттерден айырылуда. Тұтынушыларды ұстаудың бір-ақ жолы бар, пәтерді бұрынғы бағамен сату керек, - деді BI Group компаниясының өкілі Анар Қуандықова.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне бүгінге дейін жарты миллионнан астам адам салым салған. Теңгенің жаңа бағамы көпшілікті күпті етті. Бірақ олардың жоғалтқан ақшасын қайтарудың жүйесі әзірленуде. Сондықтан бұқараның негізсіз алаңдауына жол жоқ.
- Биыл 2015 жылы біз рекордты сома алғанбыз. 40 млрд теңгедей ақша түсті. Сол ақшаның үйі салынып жатыр. Көлемі өте үлкен. Биылғы тапсырылатын үйдің көлемі өте үлкен. Бағасы әлі өзгерген жоқ, - деді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ төрағасының орынбасары Ербол Қарашүкеев.
Ал алып-сатумен айналысатын ақпараттық порталдың жетекшісі Анна Шацкая нарықтағы бағаның алдағы уақытта төмендейтінін алға тартады. Өйткені қазіргі кезде баспана бағасын баққандар пәтерлерін сатуға асықпайды. «Бұл бірақ уақытша ғана құбылыс», - дейді.
- Нарықта баспананы алып-сатудың келісімі күрт кеміді. Қазіргі жағдайда қандай бағамен сатуға болатынына бәрі бас қатыруда. Бір айта кетерлігі, қазір тұрғын үйді доллар емес, теңгемен сатушылардың қатары көбеюде. Оләрине баспана бағасының арзандауына әсер етеді, - ақпараттық портал қызметінің жетекшісі Анна Шацкая.
Асау аттай бой бермеген баспана бағасы бір соқпаққа түседі. Жыл аяғына дейін тұрғын үй құны 20 пайызға дейін арзандауы ықтимал. Бүгін жиынға жиылған сарапшылардың ойы осы пікір аясына саяды. Осылайша, үйлі болуға ниеттенгендердің асығы алшысынан түскелі тұр.