4 ҚЫРКҮЙЕКТЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 1-3 ГРАДУСҚА ДЕЙІН СУЫТАДЫ
Бүгін, 4 қыркүйекте ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман болуы ықтимал, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, таңертең тұман түседі. Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 1-3 градусқа дейін суытады. Қызылорда облысында, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.