ҚМУ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ» КАФЕДРАСЫНА ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ
ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бас ғимаратында болып, археология және этнография зерттеу орталығының жұмысымен танысты.
Онда Сыр бойында соңғы жылдары жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеу жұмыстарының барысына жете мән беріп, табылған жәдігерлермен танысып шықты. Одан соң Тұңғыш Елбасы күніне арналып ашылған «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залын аралады.
Сондай-ақ, білім ордасындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасында болып, ұжымымен кездесті. Кафедраның атқарып жатқан жұмыстарымен танысып, пікір бөлісті. Алдағы уақытта Президенттің этносаясатын халыққа кеңірек таратудың, жастарға насихаттаудың ғылыми-әдістемелік орталығы осы жерде болуы керек деген ойын айтты. Кафедра жұмысына оң бағасын берді.
Айта кетейік, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы 2014 жылдың жаңа оқу маусымынан бастап ашылды. Кафедраның құрамында тарих, саясаттану, филология ғылымдарының кандидаттары мен магистранттары дәріс береді.