ҚАЗАҚСТАНДА ДЕМАЛЫС ЖӘНЕ МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ТӨЛЕНЕТІН ЕҢБЕКАҚЫНЫ ТӨМЕНДЕТУ ҰСЫНЫЛДЫ
Қазақстанның жаңа Еңбек кодексіне демалыс және мереке күндері төленетін еңбекақы мөлшерін азайту туралы норманы енгізу ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кеше Астанада денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Парламенттің төменгі палатасының отырысында жаңа Еңбек кодексінің жобасын таныстырды.
Заң жобасындағы жаңа нормаларды хабарлаған Тамара Дүйсенова белгілі бір жағдайлар бойынша еңбекақыны төлеу механизмін қайта қарау мәселесіне тоқталды.
«Бүгінгі таңда артық жұмсалған уақыт үшін еңбекақы бір жарымнан төмен емес көлемде төленеді. Мереке және демалыс күндері екі және түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағаты 1,5 көлемде төленеді. Жаңа кодексте мұндай жағдайдағы төлем мөлшерін 1,25-тен төмен қылмау ұсынылған, оны ұжымдық келісімшарт бойынша ұлғайтуға болады. Бұл шара бір жағынан жұмыс берушінің шығынын азайтады. Сонымен қатар, жұмыс беруші қызметкерді оның келісімімен ғана жұмысқа тарта алады. Екінші жағынан, егер жұмысшы мұндай шарадан бас тартса, жұмыс беруші төлем мөлшері мен жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартуға негізделеді», - деді Тамара Дүйсенова.