ЗЕЙНЕТ ДЕМАЛЫСЫНА - ҚҰРМЕТПЕН!
Қызылорда қаласындағы «Бастау» бизнес-орталығында «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» мұнай компаниясы бір топ қызметкерлерінің құрметті демалысқа шығу құрметіне арналған салтанатты шара болып өтті.
Үстіміздегі жылы «ПҚҚР» АҚ өз тарихында бірінші рет еңбек ардагерлерін зейнет демалысына салтанатты жағдайда шығарып салу рәсімін ұйымдастырды. Компанияның ғана емес, аймақтың тұтас мұнай-газ саласының өркендеп-дамуына айтарлықтай үлес қосқан бұл ардагерлердің қай-қайсысы да мұндай құрметке лайық екендігін мойындауымыз керек.
Шығарып салу рәсімі айрықша көңілге шуақ құятын, жылы жүзді басқосу жағдайында өтті. Жиналғандардың алдында салтанатты шараны ашқан «ПҚҚР» АҚ вице-президенті Болат Көшербаев компания басшылығының құрмет төріне көтерілгендердің атына жолдаған құттықтауын жеткізді. Вице-президент өз сөзінде: - Осы залда отырған әрбір ардагер компанияда қанша жыл қызмет еткеніне қарамастан ұжымдағы әріптестеріне сыйлы және қымбат, - деп атап өтті. Б. Көшербаев мырза сонымен қатар ардагерлерге жылдар бойы еткен адал еңбектері үшін алғыс айтып, алда оларды қызықты да жарқын оқиғаларға толы өмір күтіп тұратынына тілектестігін айтты.
«ПҚҚР» АҚ ардагерлерін құттықтау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы, облыстық мәслихат хатшысы Ақмарал Әлназарова және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов арнайы келіп, жүрекжарды лебіздерін білдірді.
- Сіздердің көпшілігіңіз өмірлеріңізді көз алдарыңызға мұнай кенішінсіз елестете алмайсыздар, бұл заңды да, себебі сіздер жүріп өткен еңбек жолдарыңызда өз қолтаңбаларыңызды өңіріміздегі мұнай кеніштерінде қалдырдыңыздар, - деді облыс әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлы өз құттықтауында. – Дегенмен, қара алтын өндіру үшін алғаш бұрғы салған сіздердің жанкешті еңбектеріңіздің арқасында «ПетроҚазақстан» бүгінгі күні аймағымыздағы жетекші мұнай компанияларының біріне айналды. Сіздер кең-байтақ Қазақстан жерінде өз ісіне адал мұнайшылар мектебін қалыптастырдыңыздар. Бүгін Құмкөл мұнай кенішін игерудің, мұнайды халық игілігіне жарату ісінің бастауында болған, кеніштің бірінші қазығын қаққан, сөйтіп осы салада ондаған жылдар бойы абыройлы еңбек еткен бір шоғыр майталмандарымыз құрметті демалысқа шыққалы отыр. Біз сіздерге мұнай компаниясының дамуына, аймақтың өсіп-өркендеуіне сіңірген еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз.
Бұл күні жиналған қауым шын мәнісінде компания үшін орны бөлек қызметкерлерді зейнет демалысына шығарып салды. Бұл күні мақтау қағаздары, медальдар, төсбелгілер, гүлдер мен түрлі сыйлықтар компанияның түрлі бөлімшелерінің еңбек сіңірген ардагерлеріне тапсырылды. Құттықтаулар бір кездегі бөлім басшыларына, менеджерлерге, жетеші инженерлер мен мамандарға, заңгерлерге, бухгалтерлерге, учаске шеберлеріне, операторларға, электриктерге, лаборанттарға ... арналды. Сонымен қатар олардың әрқайсысына жылы лебіздер мен ақжарқын тілектер жолданды.
- Баршаңызға белгілі, облыс бюджетінің табыс бөлігінің 93 пайызы мұнай және газ өндіруші мекемелерден түсетін салық кірісінен құралады. Осы қазынада сіздердің де зор үлестеріңіз бар, - деді облыс маслихатының хатшысы А. Әлназарова құрмет иелерін құттықтау сөзінде. - Құрметті ардагерлер, сіздерге ұзақ жылғы тынымсыз еңбектеріңіз үшін зор алғыс айтамыз! Сіздер өз білімдеріңізді, тәжірибелеріңізді мұнай компаниясының өркендеуіне ғана арнап қоймай, жас мұнайшыларға білгендеріңізді үйретіп, өздеріңізге лайықты ізбасар қалыптастыруға да жұмсадыңыздар.
- Сіздер бүгіннен бастап аймағымыздың ынтымағы мықты әрі ұйымшыл еңбек ардагерлері қатарына қосылдыңыздар, - деп ізгі тілегін білдірді өз сөзінде облыстық ардалерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов. - Дегенмен де, «ПҚҚР» АҚ бір кездері еңбек майданында аянбай тер төккен жұмысшы-қызметкерлеріне құрмет пен қамқорлық көрсетуді үзбейтінін барлығымыз білеміз. Оның дәлелі – сіздерді алда компания тарапынан берілетін түрлі әлеуметтік жеңілдіктер күтіп тұр. Сіздерге мықты денсаулық тілеймін! Отбастарыңызда қызық-қуаныш мол болып, төрлеріңізде адал ниетті достар жиі бас қоссын!
Бейнетінің зейнетін көргелі тұрған Абдулла Әбенов - тәжірибелі мұнайшы. Бойындағы нақтылық, асқан дәлдік, сауаттылық, жоғары деңгейдегі жауапкершілік қасиеттері мен кәсіби біліктілігі оның жай бөлім басшысынан басқарма төрағасының күрделі құрылыс жөніндегі орынбасары лауазымына дейін көтерілуіне себеп болды. Оның өміріндегі басты марапаты - әріптестерінің «Әбекесіне» деген құрметі мен шексіз сыйлауы. Абдулла Аңдамасұлы басшылық ете жүріп қазіргі күні компанияның және бүкіл аймақтың өркендеуі жолында абыройлы еңбек етіп жүрген біршама білікті мамандар тәрбиелегенін мақтанышпен айтады.
Компанияда 1997 жылдан бері жұмыс істеген, әлі де жігерлі, ширақ Алмас Бекеновті «ардагер» деп айтуға ауыз бармайды. «ПҚҚР» АҚ-дағы еңбек жолын «Еңбекті қорғау» бөлімінде 2-ші разрядты инженер болып бастаған ол басқарма төрағасының «Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауіпсіздігі жөніндегі орынбасары» лауазымына дейін көтерілді. Ашықтық және адалдық, еңбекқорлық пен жан аямастық, жан-жақты білім мен біліктілік оны жұмыстағы табыстар пен жеңістерге жетеледі.
Сонымен қатар айрықша жылы лебіздер Құсайын Сәрсембаевтың атына да айтылды. Ақпейіл, барлығымен тең дәрежеде қарым-қатынас орната білетін, елгезек, өз ісінің маманы Құсайын аға компанияда жиырма жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Компанияның жұртшылықпен байланыс жүргізу бөлімін басқарды. Осы жылдар ішінде Қ.Сәрсембаев компанияның бастамасымен өткізілетін барлық шараларды - түрлі қайырымдылық акцияларын, «Шаттық керуенін» жоғары деңгейде ұйымдастырудың үлгісін көрсетті және бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс орнатты.
Салтанатты кеште құрметті демалысқа аттанып бара жатқан әрбір ардагердің еңбегіне лайықты баға берілді. Марапат иелеріне Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, облыс әкімінің Құрмет грамотасы, облыстық маслихаттың және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының және өздері бар күш-жігерін жұмсап еңбек еткен компанияның құттықтау хаттары тапсырылды.
Облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» Әбенов Абдулла, Бекенов Алмас, Сәрсембаев Құсайын; Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен Әбенов Абдулла, Бекенов Алмас, Сәрсембаев Құайын, Жабағиева Қыдыркүл, Ибраев Телғара, Шевченко Анатолий, Мырзағали Серік, Жұмағұлов Ибрагим, Залялитдинов Рафаиль, Жұмахметов Махмут, Әбсалямов Ильдар және Қауысов Араб марапатталды.
Қызылорда облыстық мәслихатының Алғыс хаты Мәмбетов Жоламан, Елеусінов Абай, Құрманова Еленаларға табыс етілді. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының Алғыс хаты Құрманбаева Гүлзияға, Сарыбаева Ұлсерікке және Жәлелов Қалбекке тапсырылды.
Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібі салалық кәсіподағының Құрмет грамотасымен Әбенов Абдулла, Бекенов Алмас, Сәрсембаев Құсайын, Жабағиева Қыдыркүл, Жұбатова Мақпал, Бижанова
Роза және Жұмахметов Махмут марапатталды.
Сонымен қатар барлық 27 мұнайшы-ардагер «ПҚҚР» АҚ Басқарма Төрағасының құттықтау хатымен, арнайы құттықтау лебіздермен және компания басшылығы мен «ПҚҚР» АҚ кәсіподақ комитеті бірігіп тағайындаған «ПетроҚазақстан» компаниясының «Еңбек ардагері» төсбелгілерімен марапатталды.
Салтанатты шара соңында жиналғандарға фуршет ұйымдастырылып, дастархан басында ардагерлер бір-біріне жүрекжарды ақ тілектерін арнады. Кештің ресми бөлімінен кейін әріптес-достар өзара компанияның сонау қалыптасу кезіндегі бастан өткерген қызықты оқиғаларымен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңестерін айтты, бір-біріне алдағы мамыражай өмірлеріне сәттілік тіледі.
«ПҚҚР» АҚ-ның игі дәстүрлерінің бірі - еңбек ардагерлерімен үзбей тығыз байланыста болу. Ардагерлер - компанияның қымбат қазынасы. Олардың білімі, бай тәжірибесі және кәсіби біліктілігі компания үшін қашанда құнды.
«ПҚҚР» АҚ жұртшылықпен байланыс жүргізу бөлімі.