ҚАЗПОШТА БҮКІЛ ӘЛЕМ БОЙЫНША СӘЛЕМДЕМЕЛЕРДІ ҚАДАҒАЛАУ ҚЫЗМЕТІН ІСКЕ ҚОСТЫ
«Қазпошта» АҚ дүниежүзілік пошта одағының ақпараттық жүйесімен бірлесуінің нәтижесінде, ғаламдық трекинг қызметінің іске қосылғанын хабарлайды. Ғаламдық трекинг сәлемдемелердің орналасқан жерін әлем бойынша қадағалауға мүмкіндік береді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Бұрын қадағалау жүйесі Қазақстан бойынша ғана жұмыс істейтін, ал шетелде жүрген сәлемдемелерді өзге елдің почта қызметтерінің жүйесі арқылы іздеуге тура келетін. Енді клиент басқа ресурстарға кірмей-ақ, өзінің тапсырысының немесе жөнелтімінің орнын нақтылау үшін, біздің веб-сайтқа немесе ұялы телефондағы қызметке трек нөмірін енгізіп, барлық қажетті ақпаратты таба алады. Бұл мүмкіндік, ақпаратты алу уақытын үнемдеп, біздің қызметпен пайдалануға ыңғайлы жағдай жасау үшін қажет» - деді «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Байрам Азизов.
Интеграция нәтижесінде, Қазақстан аумағы арқылы өтетін сәлемдемелерін шетелдік компаниялар да бақылай алады. Бұрын осы аймақ олардың іздестіру жүйелерінде көрсетілмейтін.
Бүгінгі таңда, компанияның клиенттері http://www.kazpost.kz және http://track.kazpost.kz/ сайттары арқылы сәлемдемелерін қадағалау үшін, айына шамамен 800 мың тапсырыс жібереді.