ҚЫЗМЕТКЕР ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНА ЖЕТКЕНДЕ ЖҰМЫС БЕРУШІ ЕҢБЕК ШАРТЫН БҰЗУҒА ҚҰҚЫЛЫ
Жаңа Еңбек кодексі аясында қызметкер зейнет жасына жеткенде жұмыс берушіге онымен еңбек шартын бұзу құқығын беру ұсынылды, деп мәлімдеді бүгін баспасөз конференциясында ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов, деп жазады primeminister.kz.
«Жаңа Еңбек кодексі бойынша қызметкер зейнет жасына жеткенде жұмыс берушіге онымен еңбек шартын бұзу құқығын беру ұсынылуда, оған қоса еңбек шартын бұзу тәртібі нақты реттелген», - деді Б.Нұрымбетов.
Оның айтуынша, бұл іс-тәжірибе тек мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерге тарап отыр. Жаңа Еңбек кодексі бойынша осындай тәртіпті жеке секторға да тарату ұсынылып отыр. Оған қоса, жұмыс берушіге қызметкердің біліктілігі мен қажеттілігін, денсаулық жағдайын ескере отырып, жыл сайын зейнет жасындағы қызметкерлермен еңбек шартын созып отыру құқығы беріледі.
Еңбек кодексінің жобасы 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберіндегі Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.