ЕЛІМІЗДІҢ КЕЙ ӨҢІРЛЕРІНДЕ ЖАУЫН ЖАУЫП, ҮСІК ЖҮРЕДІ
Қазақстанның кей өңірлерінде суық атмосфералық ағымдардың өтуінен жауын жауып, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Күні кеше ғана республиканың шығыс және оңтүстік өңірлерінде күн ашық әрі күндіз +30-35° ыстық болса, бүгін, 3 қыркүйекте бұл облыстарға суық ауа ағымдары ығысып, соның әсерінен жауын жауады, күн суытады. Алдағы екі тәулікте де күн райы осындай болады. Ал Қазақстанның қалған аумағында күн бұлтты, кей бөліктерде жаңбыр жауады. Солтүстік пен орталық өңірлерде түнде үсік жүреді деп күтілуде», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Шығыс Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, күндіз Ақмола, Маңғыстау, Қостанай облыстарында кей жерлерде 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. Жамбыл облысында кей бөліктерде желдің жылдамдығы 18-23 м/с-ке дейін барады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 1-3 градус үсік жүреді.
Бұған қоса, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы өзендерде су көлемі ауытқиды.