ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖЕЛ КҮШЕЙІП, ЖАУЫН ЖАУАДЫ
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, жауын жауады, найзағай ойнайды, деп хабарлайды «Қазгидромет».
«Еліміздің басым аумағында атмосфералық ағындардың өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде өткінші жауын жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді,оңтүстік-батыста шаңды дауыл көтеріледі, республиканың солтүстігінде
түнде және таңертең тұман түседі, күндіз шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз, ашық болады деп күтілуде», - делінген хабарламада.
Түнде Ақмола облысында кей жерлерде 0...-2 градус суық болады.
Күндіз Атырау, Ақтөбе, кей жерлерде Маңғыстау облыстарында аптап ыстық болады деп болжанған.
Республиканың оңтүстігінде, кей жерлерде батысында, солтүстік-батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста және орталықта жоғары өрт қаупі сақталады.