ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕСI 2020 ЖЫЛЫ АЯҚТАЛАДЫ
Денсаулық сақтаудың электронды жүйесi 2020 жылы аяқталады. Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенова мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.
«Бүгiн бiз денсаулық сақтаудың электронды мемлекеттік жүйесiн әзiрлеуге кiрiстiк. Бүгiнгi күнi үш қызмет түрi интернет-ресурс арқылы көрсетiледі – бұл дәрiгердi шақыру, дәрiгерге жазылу және амбулаториялық қызмет көрсететiн мекемелерге еркiн тiркелу. Осы үш қызметті бiз iске асырып қойдық, ал денсаулық сақтаудың электронды жүйесi 2020 жылы аяқталады және ол әлеуметтiк-еңбек саласының бiрыңғай апараттық жүйесiмен де, электронды үкiметпен де толық ықпалдастырылады», - дейдi министр.
Тамара Дүйсенова мәлiм еткендей, алдағы уақытта электрондық денсаулық паспортын енгiзу қарастырылады. Ол паспортта адамның бүкiл өмiрiндегi денсаулық күйi туралы жинақталған ақпарат болады.
Тамара Дүйсенова мәлiм еткендей, алдағы уақытта электрондық денсаулық паспортын енгiзу қарастырылады. Ол паспортта адамның бүкiл өмiрiндегi денсаулық күйi туралы жинақталған ақпарат болады.