Б.САПАРБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САПАРДА БАҒАЛАР ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ БІР ҚАЛЫПТЫ ӘЛЕУМЕТТІК АХУАЛДЫ АТАП ӨТТІ
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қызылорда облысы бойынша жұмыс сапарын жалғастырды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Елбасының тапсырмасымен вице-премьер «Союз ТМА - 18 М» ғарыш кемесі ұшырылған Байқоңыр ғарыш айлағына барды. Экипаж құрамында - Айдын Айымбетов (Қазғарыш), Сергей Волков (Роскосмос) және Андреас Могенсен (ЕКА, Дания) бар.
Жұмыс бағдарламасы аясында Б.Сапарбаев, сондай-ақ Қармақшы ауданының кейбір шаруа қожалықтарында болып, күріш жинау барысымен танысты.
Қызылордада вице-премьер әлеуметтік саланың бірқатар нысандарын - оқу жылының басталуы туралы мәлімет берілген жаңа орта мектепті және «Атамекен» отбасылық типтегі балалар ауылын аралап, оқу сыныптарын аралап, балаларды тәрбиелеу жағдайларымен танысты.
Жұмыс бағдарламасының тағы бір тармағы облыс орталығының сауда орындарын, АЖҚС және айырбастау пункттерін аралау болды, ол жерлерде вице-премьер әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары, ЖЖМ бағаларын және валюта айырбастау бағамдарын тексеріп шықты. Б.Сапарбаев жалпы бағалар тұрақтылығын және бір қалыпты әлеуметтік ахуалды атап өтті.
Жергілікті атқарушы органдар басшыларының, қоғам және кәсіпкерлік топтар өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте сапар қорытындысы жасалды.
Отырыс барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелерінің кең ауқымы қаралды. Облыстағы баға белгілеуді бақылау, жұмыс орындарын сақтау және жалақыны уақытылы төлеу тақырыбына ерекше көңіл бөлінді. Б.Сапарбаев сондай-ақ экономиканың нақты секторындағы реформаларға және ақша-кредит саясатының жаңа режиміне қатысты жаңа экономикалық саясат аспектілерін қозғады. Вице-премьер бес институционалдық реформаны және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша Үкімет қабылдаған шаралар туралы мәлімдеді.
Б.Сапарбаев Елбасының тапсырмасымен Үкімет мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындау бойынша кешенді шаралар қабылдап жатқандығын айтып өтті.
Вице-премьер мемлекеттік органдарға әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағаларды одан әрі мониторингілеу және өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.