РОСКОСМОС БАСШЫСЫ «СОЮЗ ТМА-18М» ҒАРЫШ КЕМЕСІН ҰШЫРУҒА ҚАТЫСҚАНДАРҒА АЛҒЫС АЙТТЫ
Ресей ғарыш агенттігінің басшысы Игорь Комаров бүгін Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин алаңынан «Союз ТМА-18М» кемесі бар «Союз-ФГ» зымыран-тасығышының ұшырылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Жұмыстың бірінші бөлігі – «ТМА» ғарыш кемесі бар «Союз» сәтті ұшырылды. Енді екі күннен кейін жұмыстың екінші бөлігі басталады, яғни жұма күні мәскеу уақытымен сағат 10:42-де стансамен түйісу процесі жоспарланған. Әлемнің 5 елінен 9 адамның ХҒС бортында жұмыс істеуі біз үшін бірегей жағдай болғалы тұр, сол себепті ынтымақтастығымыздың халықаралық ашық сипатын көрсететін жобаны таныстыру біз үшін қуаныш», - деді И.Комаров.
Сондай-ақ ол бүгінгі ұшыру процесіне қатысқандар мен Байқоңыр ғарыш айлағының әскери тобына алғыс айтты.
Ғарыш кемесі стансамен 4 қыркүйек күні түйіседі деп жоспарлануда. ХСҒ-да оларды ресейліктер Геннадий Падалка, Михаил Корниенко мен Олег Кононенко, америкалық астронавтар Скотт Келли мен Челл Линдгрен, сондай-ақ жапон астронавты Кимия Юи қарсы алады.
Кеме командирі Сергей Волков орбитада 188 тәулігін өткізсе, отандасымыз бен даниялық ғарышкер ғарышта 10 күн болады.
Естеріңізге салып өтсек, бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары Айдын Айымбетовке Қазақстанның Мемлекеттік туын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «ЭКСПО-2017» жалауын тапсырып, ғарышқа аттанатын экипаж мүшелеріне сәттілік тілеген еді.
Айта кетсек, орбитада отандасымыз қазақстандық ғылым үшін бірқатар сынақ жүргізеді, соның ішінде радиацияның миға әсерін зерттейді.