МҰНАЙШЫЛАР ОҚУШЫЛАРҒА КӨМЕК БЕРДІ
Үстіміздегі жылы өткізіліп жатқан республикалық «Мектепке жол» акциясына «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ мұнайшылар қауымы да қалыс қалмай, өз үлестерін қосты. Оқу жылы басталар алдында «Петроқазақстандықтар» облыстың аудандарында болып, білім ордасының табалдырығын алғаш аттағалы тұрған бүлдіршіндерге ішінде мектеп құрал-жабдықтарының толық жиынтығы бар сөмкелер таратты.
Жалағаш аудандық білім басқармасының аға маманы Жазира Жүргенованың айтуынша, ауданда осы жылы тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың 400 баласына көмек көрсетілді. Оның 50-іне «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы мектеп құрал-жабдықтарын алып берді. Жалағаш ауданының №201 мектебінде өткен оқушыларға білім алуға қажетті жабдықтар тапсыру салтанатында «ПҚҚР» АҚ жұртшылықпен байланыс жүргізу бөлімінің аға маманы Ақтолқын Сұлтангереева балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оларға табыс тіледі.
- Балалар - біздің болашағымыз, - деп атап өтті компания өкілі өз сөзінде. - Әлемдік мұнай нарығында мұнайдың бағасы едәуір төмендеуіне қарамастан «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы облыстағы көмекке зәру балаларға үзбей қол ұшын беріп келеді. Бүгін мұнайшылар жалағаштық 50 бірінші сынып оқушыларына ішінде мектеп құрал-жабдықтарының толық жиынтығы – қаламсауыт, дәптер, альбомдар, калькулятор, қаламсап, түрлі қарындаштар, екі барсетка, сызғыш, желім, фломастер және басқалар бар сөмке әкелді.
Қармақшы ауданында «Петроқазақстандықтар» №26 Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің акт залында 50 оқушыға әкелген сыйлықтарын тапсырып, балаларды қуаннтты.
- «ПҚҚР» АҚ қызметкерлеріне көмекке мұқтаж отбасыларына көңіл бөліп, қамқорлық жасағандары үшін алғысымды білдіремін, - дейді алты баланың анасы Клара Ташкенбаева. – Осы жылы менің үш балам мектепке барады. «ПҚҚР» АҚ үнемі балаларға көмек көрсететінін жақсы білемін және де қарапайым халықтың мұң-мұқтажын түсінетіні үшін компанияға ризашылығым шексіз.
- «ПетроҚазақстан» компаниясына рахмет, - дейді қармақшылық бірінші сынып оқушысы Жұлдызай Мырзашқызы. – Мен мұнайшы ағаларға мектепте тек «төрт» пен «беске» оқуға және болашақта өз елімнің білімді де атақты қызы болуға уәде беремін.
Аталмыш шара Тереңөзек ауданындағы №35 мектепте де болып, онда Сырдария ауданының 50 оқушысы «ПҚҚР» АҚ қызметкерлерінен өздеріне қажетті көмек алды.
Ағымдағы жылдың маусым айында дәл осындай мектеп құрал-жабдықтарының жиынтығы Жаңақорған ауданындағы «Балғын» балабақшасының түлектері - болашақ бірінші сынып оқушылары мен Қазалы ауданындағы «Шапағат» мүгедек балаларды оңалту орталығының түлектеріне де тапсырылғанын айта кеткеніміз жөн.
Дастан ДЕМЕСБАЙ.
Суреттерді түсірген Андрей ТАЙГУНОВ.