2015 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР САПАЛЫ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ТӨМЕН БАҒАМЕН САТЫП АЛА АЛАДЫ
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразия Экономикалық Одақ елдері үшін (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения) дәрілік заттардың ортақ нарығы өз жұмысын бастайды. ЕАЭО елдері аумағында тек GMP стандарттарына (дәрілік заттардың сапасы, қауіпсіздігі мен тиімділігін растайтын «алтын стандарт») сай келетін медициналық препараттар таратылады. Бұл қазақстандықтар үшін ЕАЭО елдері өндірушілері арасындағы бәсекелестіктің есебінен тиімді дәрілік заттарды төмен бағамен алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, деп жазады mzsr.gov.kz.
Дәрілік заттар мен медициналық өнімдер Еуразия Экономикалық Одақ аумағында Еуропалық Одақ қағидалары мен тәсілдері негізінде жасалған бірыңғай ережелердің тіркеу тәртіптерінен өткеннен кейін еркін айналымда болады. Сондай-ақ, дәрілік заттарды, медициналық қолданылуларды таңбалау, айналымды қадағалау мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында мемлекеттік тілді қолдану бойынша ұлттық талаптар сақталатын болады.
Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз етудің негізгі міндеттері ҚР ДСӘДМ Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы ұлттық сараптау орталығына жүктелген (әрі қарай ДЗҰСО).
Биыл ДЗҰСО сынақ орталығы Еуропа кеңесінің дәрілік заттардың сапасын бақылау Еуропалық директоратында EDQM) аккредитациядан өтеді. Оған мүше болу ДЗҰСО-да жасалатын сынақтардың нәтижесінің халықаралық деңгейде мойындалуын және дәрілік заттарды сынақтан өткізу мәселелері бойынша Еуропа елдерімен тәжірибе алмасуды қамтамасыз етеді.
Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналымын өзара инспекциялауды мойындау мақсатында ЕАЭО-ның барлық елдері PIC/S құрамына кіруі керек. PIC/S – фармацевтикалық инспекция бойынша конвенция мен фармацевтикалық инспекциялар ынтымақтастық жүйесі – GMP саласындағы өзара белсенді және құрылымдық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін елдердің фармацевтикалық секторларын реттеуші органдар арасындағы екі халықаралық келісім болып табылады. Қазақстан мен Белорусь PIC/S құрамына ену үшін өтініш білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 29 мамырында ортақ қызметтер, тауарлар нарығы, капитал мен одаққа мүше мемлекеттердің жұмыс күшін жасақтау қарастырылған Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы Келісімге қол қойылды. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бірыңғай қағидалары мен тәртіптері туралы келісімге 2014 жылдың 23 қаңтарында қол қойылды.